Туган олке туралы олен

0 голосов
227 просмотров
спросил от (12 баллов) в категории Қазақ тiлi

Туган олке туралы олен


1 Ответ
0 голосов
ответил от Начинающий (219 баллов)

ТУҒАН  ЕЛІМ

 

Менде сөйлер сөз болса –

Өзің берген сөзің ғой!

Менде көрер көз болса –

Өзің берген көзің ғой!

 

Шаттық құшқан шеруде,

Күйді өтерген өзің ғой!

Қиындықты жеңуге

Үйреткен де өзің ғой!

 

Толқығанда сезім –ой,

Әппақ арым, тілегім.

Туған елім өзің ғой –

Арқа сүйер тірегім!

 

Туған елім, өзіңнің,

Жазираңды кездірдің.

Жайма –шуақ кезімнің,

Рахатын сездірдің!

 

Туған елім – гүл елім,

Қасиетіңді білемін.

Өзіңе деп жүремін –

Лүпілдеген жүрегім!

                                    Бәкір Тәжібаев

...