Ответ:
Қазақ балеті- ұлттық сахна өнерінің бір түрі.
Мазмұны музыкалық хореографиялық образдар арқылы ашылады. Қазақстандағы кәсіби балет өнері 20 ғасырдың 30-жылдары қалыптаса бастады. 1933 жылы Қазақ академиялық драма театры жанында музыкалық студия құрылды. Осы студия классикалық би өнерін игеру мақсатында М.Арцибашеваның жетекшілігімен балет труппасы қалыптастырылды (1934).