Эссе ертегілер жаксылыкка жетелейді

+837 голосов
2.0m просмотров
спросил назад от в категории Қазақ тiлi

Эссе ертегілер жаксылыкка жетелейді


1 Ответ
+150 голосов
ответил назад от

Ответ:

Еңбекші халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжірибесі, оның мәдениеті мен салты, әдеті мен ғұрпы, шаруашылық кәсібінің түрлері, тілінің шебер ерекшелігі қамтылған халық ауыз әдебиетінің ерекше түрі – ертегілердің бала тәрбиесінде алатын орны орасан зор. Мұны көп ғасыр бойына халықтың ұмытпай сақтап келуінің, сүйе айтып, сүйсіне тыңдауының өзі-ақ дәлелдей түседі.

Ертегілер – халық өмірін бейнелейтін фантастикалық негізге құрылған оқиғалы көркем шығарма. Онда табиғаттың адам баласына жұмбақ болып келген сан алуан құбылыстары айтылады, үстем тап өкілдерінің зұлымдық, қастандық әрекеттері әшкере етіледі, тыңдаушысын өмір күресіне бастайды, адам арманының жарқын болашағына жөн сілтейді. Ертегіден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой-арманы, дүние танудағы түсінігі мен көзқарасы көрініп отырады.

...